Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Декабрь 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    09.07.2025, 06:47
    Главная » 2013 » Декабрь » 18 » «Тәуелсіздік – Айбарым» атты мерекелік кеш оздырылды
    15:39
    «Тәуелсіздік – Айбарым» атты мерекелік кеш оздырылды
           Тәуелсіздік  еліміздің -  басты  мерекесі.  Міне,  биыл  Тәуелсіздігіміздің арайлап  аттқан  таңына  23  - жыл толды!  Осы  жылдар  ішінде  саяси жүйесі тұрақты,  экономикасы  дамыған,  бәсекеге  қабілетті, халықаралық беделі зор  қуатты  мемлекетке  айналдық. Еліміздің  сайын  даласы Сарыарқаның төрінде  көрікті де қабілетті,  сәулетті бейбітшілік  шаһары  Астана  арқылы жаһандық  әлемге  жаңа  Қазақстанды  аштық. Бүгінгі таңда біздің мақсатымыз  бәсекеге  барынша  қабілетті  дамыған  елдердің  алдыңғы қатарынан көрінуіміз қажет.
          Мерекелік кештің мақсаты Отанын, өз жерін сүйе білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздікке  жеткен кезеңдерін  көрсету, еліне,  жеріне  деген сүйіспеншілігін  арттыру, тарихты бағалай  алуға тәрбиелеу, патриоттық сезімге тәрбиелейтін жаңа әдебиеттермен таныстыру  және  оқушылардың  кітап оқуға деген құштарлығын арттыру болды.
          Мерекелік  кешті  ОБК - ның  кітапханашы  А.Ж.Шарипова жүргізді. Сонымен  бірге  Елбасының  ант  қабылдап,  халықпен  әр түрлі  кездесулер, осы уақытқа дейін еліміздің  жеткен  жетістіктеріне орай жасақталған «Қазақстанның  болашағы  жарқын»  атты (слайд) бейне  таспа  көрсетілді.
            Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Егемен Қазақстан үшін жасаған істерінің маңызы өте зор екендігін айта отырып, оларға  жеке - жеке тоқталды. Мысалы:
    -         Еліміз  тәуелсіздікке  қол жеткізуі;
    -         Егемен  Қазақстанның  жаңа  Конституциясы  жасалынуы;
    -         Барлық көршілес елдермен мемлекеттік  шекаралар  заңдастырылуы;
    -         Ұлттық  валюта енгізілуі;
    -         Қос   палаталы Парламент  құрылуы;
    -         Қазақстан Республикалық Қарулы Күштер жасақталуы;
    -         Жаңа Астана тұрғызылуы барлығы да халық үшін істелген берекелі іс болып табылады.
          Оқушылар  да тәуелсіздік  күніне  арналған өлеңдерді мәнерлеп нақышына  келтіріп орындады.  Олар бойында патриоттық сезімі бар, Отанын сүйетін оқушылар екендігін көрсетті. Атап  айтсақ  Нұрлыбек  Рахманәлі, Ғабидолла Ғалымжан,  Бектемір Ризат, Серік  Ақнұр,  Бекмұханова  Акерке, Жалғасбаева  Диляра.
          Кітапханашы  Тәуелсіз Қазақстанның  жас  ұрпағы сіздер, сапалы білімдеріңізбен, саналы тәрбиелеріңізбен  елімізді  алдыңғы қатарлы елдердің қатарына  қосатындарыңызды  ұмытпаңыздар. Сіздер көк байрағы көкте самғаған, әсем әнұраны шарықтаған, бейбіт күннің нұрына бөленіп береке – бірлікпен күн кешкен, келешегі кемел болашағы жарқын Қазақстанның  қырандарысыңыздар» ,  - деп келе оқушыларға  елбасы, егемен еліміз, тәуелсіздік  туралы  викториналық  сұрақтар  қойды. Оқушылар да өз белсенділіктерін,  білімділіктерін  ортаға салып жауап берді.  ОБК - ның  кітапханашысы  Ж.К.Мүбаракова  «Тәуелсіздік -  желтоқсанның  жемісі » атты кітап көрмесіне библиографиялық  шолу өткізді. Шара соңында №  4 мектептің тіл маманы   Ақгүл Қайырқызына  сөз беріліп,  «Ел болашағы өздерің,  сендерге  сенеміз»,  -  деп қортындылады.
           Іс –шара соңында  белсенді оқушыларға арналған алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталып, қатысқандарға  рахмет айтып,  кеш  «Жаса  Қазақстан»  әнімен аяқталды. Мерекелік кеш өз мәресіне жетті.
           Еліміздің  мерейі  өсіп,  абыройы  асқақтап,  Тәуелсіздігіміз  мәңгілік, берік болсын ағайын!
    20131212_173414   
    Просмотров: 943 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz