2016 жылдың 24 қараша күні Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Қ.Р Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тіл мәртебесі - ел мерейі» атты мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты оқырмандарды ана тілін қастерлей білуге тәрбиелеп, мәнерлеп оқу дағдыларын арттыру болатын.
Кітапханашы А.Қыдыралиева еліміз егемендік алғаннан кейінгі Тіл туралы Заңымен таныстырып, өз тілімізбен бірге өзге тілдерді де дәріптей білу керектігін айтып, «Тіл - ұлттың басты негізі» атты бейнероликті оқырмандар назарына ұсынды.
Кітапханашы А. Шарипова «Ана тілім-ажарым, асыл- мұрам» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жүргізіп, кітап көрмесімен кеңінен таныстырды.
Байқауға кіші топ оқырмандары арасында 12 үміткер қатысты. Олар қазақтың көрнекті ақындарының өлеңдерін нақышына келтіріп, мәнерлеп оқып берді. Зинеденова Жасмина 3 - орын , Ғаділгерей Жангерей 2 - орын, Умбеталиев Әли 1- орынды иеленді.
Орталық балалар кітапханасының меңгерушісі В.С.Кужабергенова оқырмандарды ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, орын алған қатысушыларымызды диплом және естелік сыйлықтармен марапаттады.
Шара соңында «Ұлттың қуаты - тілінде» атты бейнеролик көрсетіліп, Ғаділгерей Жангерей М. Шахановтың «Рух пен тіл» атты өлеңімен аяқтады.
 
|