27 тамыз күні Бөрлі Аудандық кітапхана оқу залында Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстану секторының ұйымдастыруымен 30 тамыз Қазақстан Республикасының Ата заңының 20 жылдығына орай және мүмкіндігі шектеулі жандардың заңды құқықтары туралы ақпарат беру мақсатымен «Құқық әлемінде» атты заңгермен кездесу кеші болып өтті. Бұл шараға әлеуметтік қорғау мекемесінің маманы - Арыстанова М.Х. және «Үміт» психологиялық және заңды тегін көмек көрсету орталығының психологы мен заңгері шақырылған болатын.
Шара ҚР Әнұранымен ашылып сөз алған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директорының орынбасары А.Т. Мусаева барлық шараға қатысушыларды мерекемен құттықтап өтті.
Кешке қатысқан әлеуметтік қорғау мекемесінің мамандары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жасалып жатқан әлеуметтік көмек түрлерін, заңды құқықтарын және «Үміт» орталығынан тегін психологиялық көмек және заңды кеңес ала алатындарын айтып өтті. Сонымен қатар оқырмандар мамандарданға өз сұрақтарын қойып, көңілге қонымды жауаптарын ала алды. Шара барысында сөз алған Мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыстану секторның меңгерушісі Г.У. Малбагарова кітапхана қорындағы құқықтық әдебиеттер және оқырмандар үшін көрсетілетін қызмет түрлерін , соның ішінде үйге кітап апару қызмет түрін және ғаламтор желісін тегін пайдалану т.б. қызмет түрлеріне тоқталып өтті.
|