Ғасырлар бойы қалыптасып бізге жеткен халқымыздың тарихын, тәлім –тәрбиесіне негіздей отырып, жас ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезімді, білім - ғылым көзқарасын қалыптастыру сонымен қатар оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында қала аралық деңгейде Орталық балалар кітапханасы мен «Тарлан» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Үздік оқырман отбасы -2016» байқауы өткізілді.Сайысқа Бимағамбетовтар, Есеновтар, Сартаевтар отбасылары қатысып, бар өнерлері мен білімдерін ортаға салды.
Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Сартаевтар, ал екінші орынды Бимағамбетовтар мен Есеновтар отбасы жеңіп алды. Байқауға төрелік етіп тамашалаған Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұрашова Дариға Кеңесбайқызы, аудандық кітапхана меңгерушісі Ихсанова Сәндігүл Манарбекқызы және «Тарлан» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кемелханов Ержан Мержанұлы құттықтау сөз сөйлеп, арнайы диплом және естелік сыйлықтарымен марапаттады.Қорытынды сөз кезегін Орталық балалар кітапханасының меңгерушісі Кужабергенова Венера Серикқалиқызы алып байқауға қатысушы оқырман отбасыларға шексіз алғысын білдірді.
|