16 - ақпан Жарсуат селолық кітапханасында « Үздік оқырман отбасы-2016» атты байқау өтті. Бұл байқауға үш отбасы қатысты. Атап кетер болсақ: Жарсуат ауылынан –Абдрахмановтар отбасы, Димитрово ауылынан- Сеткалиевтар отбасы, Қарашығанақ ауылынан- Кумаровтар отбасы қатысты.
Байқау 4 айналымнан тұрады. Алдымен қатысушы отбасылар «Менің отбасым» атты тақырыпқа слайд түрінде үй тапсырмасын орындап келді, кейін «Менің оқырман отбасым» тақырыбына өз портфолио дайындап, отбасының шежіресін айтып өтті,қолөнер бұйымдарының көрмесін ұйымдастырып,таныстырып өтті.Ең қызықтысы отбасылар ертегіден қойылым көрсетті.
Байқауды аталан 4 айналым бойынша бағалай келе, Қарашығанақ ауылынан қатысқан Кумаровтар отбасы 1-орын иеленіп, 2-орынды Жарсуат ауылынан қатысқан Абдрахмановтар отбасы иеленді. Ал, 3-орынды Димитрово ауылынан қатысқан Сеткалиевтар отбасы алды. Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтары мен дипломдар ұсынылды.

|