Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Октябрь 2016  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    28.07.2025, 16:45
    Главная » 2016 » Октябрь » 24 » «Зергер сөздің шебері»
    15:23
    «Зергер сөздің шебері»

       20.10.16 ж. № 1 қалалық кітапханасында жазушы, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген қайраткері Сайын Мұратбековтің 80 жылдығына орай «Зергер сөздің  шебері» атты әдеби кеш өтті.

      Мақсаты: Оқушыларды кітап оқуға тарту, рухы жоғары азаматтарды тәрбиелеу.

      Шараны кітапханашы Ф.Қарабаева жүргізіп, Сайын Мұратбековтың өмірбаяны мен шығармаларын таныстыра отырып, «Біреу» атты шығармасын сұрақ – жауап арқылы әңгімеледі. 8 ғ сынып оқушылары Лұқпан Азиза, Бимағанбетова Альмира шығарма желісі бойынша өздерінің ойларын ортаға салды.

       Сайын Мұратбековтің ғаламтор желісінен алынған видео-слайд арқылы жазушының өмірбаяны, шығармалары, отбасылық өмірі, қаламгерлердің ол туралы ой – пікірлері және т. б. тамашалады.

       «Талантты қаламгер»  атты кітап көрмесіне кітапхана меңгерушісі А.Жүсіпқалиқызы библиографиялық шолу жасап, жазушының шығармаларын насихаттауда 2014 ж. «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Жусан иісі» және «Басында Ұшқараның» атты шығармалары насихатталғанын айта отырып, бұл туындыларды кезінде оқырмандар жылы қабылдап, ыстық ықыласын білдіргенін, жазушының балалық шағы соғыстан кейінгі жылдармен тұспа – тұс келгендіктен Ұлы Отан соғысы жылдары мен одан кейінгі қиын кезеңдегі қазақ ауылының тыныс – тіршілігін арқау болған шығармалары оқуға жеңіл екендігі айтылды. Қорытынды сөз кезегінде балалар әдіскері Ж.Шуйншалиева шараға қатысқан №5 ЖББОМ 8 сынып оқушыларына және сынып жетекшісі А.Насретдиноваға алғысын білдіре отырып, еңбекте, оқуда табысты болуларына тілектестігін білдірді.


     

    Просмотров: 398 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz