Ғасырлар тоғысында «Ғасыр ақыны» боп танылған қазақтың ақиық ақыны, Алатаудың Хантәңірі шыңынан түлеп ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл толуына орай 2016 жылдың 8 ақпан күні Қызылтал ауылдық кітапханасы мен Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Жүрегі – жыр, пейілі – поэзия» атты жыр кеші түрінде өткен шара оздырылды.
Аталмыш кеш барысында оқырмандар аламан бәйгіге оза шауып, өлең-жырда шашасына шаң жұқтырмаған ерен жүйрік, талантты тұлға Мұқағали ақынның өмір жолы мен шығармашылығынан деректер алып, Қызылтал Жалпы Білім Беретін мектептің 6 «Ә» сынып оқушылары ақынның Отан, туған жер, қазақ елі, махаббат пен сүйіспеншілік туралы жазылған жырларын бойларына сіңіріп, ерекше тебіреніп, мәнерлеп оқыса, кітапхана кітапханашылары « Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны» тақырыбында әдістемелік-мультимедилық құралды оқырмандар назарына ұсынды.
Кеш Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан қойылым тамашалауымен аяқталды.
Оқырман қауым ақынның сырлы да әуенді жырларына қанық болды. Жылдар тізіліп өткен сайын Мұқағали ақынның бейнесі тұлғалана, биіктей түсіп, жылдан жылға, ғасырдан ғасырға жалғаса береді деп сенеміз!
|