
«Ашық аспан аясындағы кітапхана» жобасы шеңберінде кіші топ оқырмандарына жол ережесін үйрету, қоғамдық орындарда жүруге дағдыландыру мақсатында Орталық балалар кітапханасы «Жол ережесін білейік, аман-есен жүрейік» тақырыбында шара өткізді. Аталмыш шара екі бөлімнен тұрды. «Әдеби қонақжай» аталған бірінші бөлімге полиция қызметінің инспекторы, полиция капитаны Каренов Ербол Айдынғалиұлы қонаққа шақырылып, балалар өмірінің қауіпсіздігі үшін маңызы зор сыр-сұхбат жүргізілді. Сұхбат барысында оқырмандар келген қонаққа түрлі сұрақтар қойып, жауаптар алды. Сонымен бірге оқырмандар жол тәртібіне қатысты видеобейне тамашалап, бағдаршамның тарихы жөнінде қызықты мәліметтер алды. Ал шараның екіншісі бөлімінде оқырмандар алаңда жол ережелері туралы білімдерін әртүрлі ойындар барысында көрсетті. Кітапхана меңгерушісі В.С.Кужабергенова шара соңында полиция күнімен Каренов Ербол Айдынғалиұлын құттықтап, шараға белсене қатысып,
Орталық балалар кітапхана оқырмандарының қауіпсіздігіне қосқан үлесі үшін алғыс хат тапсырылды.
|