5 қазан 2016 ж. сағат 11-00 де № 1 қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Жұбан Молдағалиевтың туған күніне орай дәстүрлі «Жұбан оқулары» аясында ақынның патриоттық тақырыптағы жырларын оқудан «Мәңгілік Ел идеясы – Жұбан жырында» акциясына орай «Туған дала жыршысы» атты поэзия кеші өтті. «Жыр – Жұбан» атты деректі фильм және «Мәңгілік елдің өшпейтін жыры» атты слайд назарларына ұсынылып, кітапханашы Ф.Қарабаева жерлес ақынның өмірбаянын таныстырып өтті. № 1 МБК 9 а оқушылары Г. Ермекова «Мен Қазақпын», Н.Аманжолова « Тайпақ деген жер бар», А.Жардемова «Отан», Ж.Жакеева «Күз» атты Жұбан Молдағалиевтің өлеңдерін мәнерлеп айтып берді. «Жыр пырағы - Жұбан» атты кітап көрмесіне кітапхана меңгерушісі А.Қарақұлова библиографиялық шолу жасап, ақынның шығармаларын таныстырып өтті. Шараға қатысқан әдіскер А.Бердібекова акцияның маңызына тоқтала келіп, шараға қатысқан оқушыларға алғысын білдірді.
 
|