Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Февраль 2016  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
29


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    13.07.2025, 22:14
    Главная » 2016 » Февраль » 18 » «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші
    10:41
    «Жырлайды жүрек» атты поэзия кеші

       15 ақпан күні  Аудандық  кітапхана  оқу  залында Мүмкіндігі  шектеулі  жандармен  жұмыс  секторының ұйымдастыруымен  Қазақ  поэзиясының  биік  шыңы , ақиық  ақынымыз, қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген  Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған «Жырлайды  жүрек»  атты  поэзия  кеші  болып  өтті. Мақсаты:  Қазақ  поэзиясының  биік шыңы Мұқағали  Мақатаевтың - 85 жылдығын  атап өту,  ақынның  өмірбаянын  айтып, шығармаларымен  таныстырып, өлеңдерін  мәнерлеп  оқу, кітап оқуға  шақыру.

       Кеш  жүргізген  кітапханашы  слайд презентация  арқылы  ақиық  ақынның  өмірбаянына,  шығармаларына  тоқталып  өтті.   

       Балалық шағы  сұрапыл  соғыспен  тұспа - тұс келді.Әкесі  соғыста қаза  тауып, әжесі мен  анасының  тәрбиесінде  өседі. Ақынның  қалам  тартпаған  тақырыбы  қалмапты. Ана  мұңын, әже  зарын,  жетім-жесір  қайғысын, адалдық,  достықты , пәк  махабатты  жырға  қосты.

      Кешке  қатысқан  оқырмандар: Шайшева  Жаңыл «Өмір жайлы», Асмамбетов  Амангелді «Беташар», Макаримов  Аділхан «Отан»  және  кітапханашылар  Алтын Наурызбекова «Шеше» ,  Жаңылсын Мухамбетова  артына  өшпес  мұра  қалдырған  аққынның  өлеңдерін  мәнерлеп  оқып  берді.  Сонымен  қатар кеште  оқырмандардың  орындауымен ,  ақынның  поэзиясынан  шырқалып  жүрген  «Есіңе мені  алғайсын», «Сәби  болғым  келеді»  әндері  орындалды.  Кеш  соңында  сөз  алған  Мүмкіндігі  шектеулі  жандармен жұмыс  секторының меңгерушісі  Г.У. Малбагарова   кешке  қатысқан  оқырмандарға  алғыс  білдіріп,  ақынның өлеңдерін мәнерлеп  оқыған  оқырмандарға  шағын  естелік  сыйлықтар  табыс  етті. 

    Просмотров: 374 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz