3 мамыр күні
кітапханада «Біз соғыс туралы кітап оқимыз» тақырыбында 3-сынып оқушыларының
қатысумен іс-шара өткізілді. Кітапханашы оқырмандарды соғыс туралы кітаптармен
таныстырып, Жеңіс тарихы кітабынан Ақбұлақ ауылынан соғысқа қатысқан
аталарымыздың фотосуреттері және өмірбаяндары туралы әңгімеледі. 
Оқырмандар А.Естеновтың «Біздің батыр бабалар» кітабын
дауыстап кезекпен-кезек оқып, Бауыржан Момышұлы туралы, Панфиловшылардың ерлігі
туралы өлеңдер оқыды.
|