№1 қалалық кітапханасының
кітапханашысы Ф.Д.Гусманова 23-сәуір
Дүниежүзілік кітаптар және авторлар құқығы күніне орай «Кітап - рухани
қазына» атты тақырыпта жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырып, №1 ЖББОМ 8 «Ә»,
10 «Б» сыныптары мен мектеп жанындағы
«Балдәурен» шағын орталығында және Қазпошта қызметкерлеріне библиографиялық
шолу өткізді.
Өзгенің көмегі мен мейіріміне зәру, мүмкіндігі шектеулі
жандар күнделікті өмірде жанымызда жүр. Осындай жандардың өмірге деген
құштарлығы мен еңбекқорлық, ізденімпаздық қасиеттерін ұштау үшін
айналадағылардың аялы қамқорлығы қажет болатын. Осыған орай 19 сәуір күні
Аудандық қызмет көрсету бөлімінің оқу залында Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар
жүйесінің «мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының» ашылғанына 1 жыл
толуына орай сектордың тұрақты оқырмандарымен «Біз бір әлемде – өмір сүреміз»
атты кездесу кеші болып өтті. Кездесу кешінің негізгі мақсаты: 1 жылғы
атқарылған істерді қорытындылау болатын.
3 мамыр күні
кітапханада «Біз соғыс туралы кітап оқимыз» тақырыбында 3-сынып оқушыларының
қатысумен іс-шара өткізілді. Кітапханашы оқырмандарды соғыс туралы кітаптармен
таныстырып, Жеңіс тарихы кітабынан Ақбұлақ ауылынан соғысқа қатысқан
аталарымыздың фотосуреттері және өмірбаяндары туралы әңгімеледі.
Ақбұлақ
ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен 25
сәуір күні әкімшілік залында «Әкем, шешем және мен – отбасымыз оқырман» атты
байқау өткізілді. Байқауға 4 жанұя: Исатаевтар,... Читать дальше »