Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Июль 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    18.07.2025, 08:55
    Главная » 2013 » Июль » 18 » 05.07.2013
    15:44
    05.07.2013

    Орталық аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен оқырмандарға қаланы таныстыру, оның даму жолындағы тарихи құндылықтар турасында ақпарат беру мақсатында  5 шілде күні «Асқақ елдің алтын ордасы» атты мерекелік шара өтті. Шараға №5 ЖОББ мектептің 5-8 сынып арасындағы  оқушылары қатысты. Астана қаласының құрылу тарихы мен даму жолдары туралы тарихи ақпарат беріліп, интерактивті тақтадан бейне-слайд көрсетілді. «Мен Астанаға барғанда» деген бөлімде Астанаға барған оқушылар Астананың көрікті жерлерін әңгімелеп, алған әсерімен ой бөлісті. Күлаш Ахметованың «Аңсарым асқақ-Астана» атты жыр шумағын 8 сынып оқушысы Ерғалиева Әсемгүл мәнерлеп оқып берді. Астана туралы ақпараттарды қорытындылап, оқушылардың ойын білу  мақсатында бейне-слайд арқылы сұрақтар қойылды. Оқушылар сұрақтарға таласа жауап беріп, белсенділіктерін көрсетті. Ынта-жігерімен меркелік шараға қуана қатысқан оқушылар, жазғы демалыстарында Астанаға саяхат жасауға ниетті екендерін білдірді. Аудандық мәдениет үйінің әншілері С.Валиев пен Н.Төлеуов «Жайна Астана» әнін әуелете шырқады.         Кітапхана меңгерушісі С.М.Ихсанова оқушыларды Астана күнімен құттықтап, елбасының тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген бас қаламыздың тарихымыздың шежіресінде алтын әріптермен ойып орын алатынына, даласы дархан, жері құт Қазақстанның туын жоғары желбіретер алынбайтын қамалдай мықты да еңселі ел болатынына сенеміз деп тілегін білдіреді.



    Просмотров: 610 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 1
    1 Салават  
    0
    Керемет өткен!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz