6 шілдеде Астана күні мерекесіне орай Абай алаңында Бөрлі
орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ақпараттық-библиографиялық бөлімінің
ұйымдастыруымен «Астана – асқақ елдің алтын ордасы» атты кітап көрмесі
жасақталып, оқырмандар
... Читать дальше »
Тарих жылнамаларына
көз салсақ, талай ғасырды бастан өткеріп, «елім, жерім» деп өткен ата
бабалардың арманы орындалып, бақ – дәулетіміз тасыған егемен еліміздің жарқын
келбетіне сүйсіне қараймыз. Сарыарқаның төрінде, Есіл мен Нұра тоғысқан тұста
жаңа Астана бой көтерді. Есіл бойында жаңа тұрпатты сән – салтанаты ғажайып
қала пайда болды. Қала жыл санап емес, күн сайын жасарып келеді.
26
маусым күні Пугачев ауылдық модельді кітапханасында «Зов Джунглей» экологиялық
ойын өтті. Кітапханашы Р.Ғ.Жұмағулова «Қазақстанның жаңуарлар мен өсімдіктер
әлемі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Төрт түлік кітабы
туралы ой-пікірлерін айтып, ондағы сөзжұмбақты шешуге балалар бе
... Читать дальше »
15 маусымда Бөрлі ауылдық
кітапханасында Пушкиннің күндері өткізілді. Кітапхананың кітапханашылары «Пушкин на новый лад» ертегінен
театрландырылған көрініс көрсетті. Мектеп жанындағы «Достық» лагерінің
оқушылары (12) және тәрбиешілер М.
А.Денисова мен Ж.С.Жалмуқанова қатысты.
Мерекелік шара достық жағдайда
өткізілді.
2013 жылдың 3
шілдесінде елордамыз Астананың 15 жылдық мерейтойына орай Орталық балалар
кітапханасының филиалында «Астана - ару қала» атты мерекелік шара өткізілді. Шара
екі тілде жүргізіліп, оқырмандар арасында сурет және мәнерлеп оқу сайыстары
ұйымдастырылып, балалар салған суреттері жөнінде баяндады. Сондай-ақ, Астана
хақында қалам тартқан ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп айтты. Кітапхана
қызметкерлері Г.В.Губская, Ф.Д.
Гусманова Астананың тарихымен таныстырып, «Астана – наша столица» атты жасақталған
кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Шара барысында балалар өз ойларын,
өнерлерін ортаға салды. Сай ысқа белсене қатысқан жеңімпаз
оқырмандарға естелік сыйлықтар табысталды.
Орталық аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен
оқырмандарға қаланы таныстыру, оның даму жолындағы тарихи құндылықтар турасында
ақпарат беру мақсатында 5 шілде күні
«Асқақ елдің алтын ордасы» атты мерекелік шара өтті. Шараға №5 ЖОББ мектептің
5-8 сынып арасындағы оқушылары қатысты.
Астана қаласының құрылу тарихы мен даму жолдары туралы тарихи ақпарат беріліп,
интерактивті тақтадан бейне-слайд көрсетілді. «Мен Астанаға барғанда» деген
бөлімде Астанаға барған оқушылар Астананың көрікті жерлерін әңгімелеп, алған
әсерімен ой бөлісті. Күлаш Ахметованың «Аңсарым асқақ-Астана» атты жыр шумағын
8 сынып оқушысы Ерғалиева Әсемгүл мәнерлеп оқып берді. Астана туралы
ақпараттарды қорытындылап, оқушылардың ойын білу мақсатында бейне-слайд арқылы сұрақтар
қойылды. Оқушылар сұрақтарға таласа жауап
... Читать дальше »
13 маусымда
Аудандық кітапханада «Өлең, мен сені аялап өтем» атты мәнерлеп оқу байқауы
оздырылды. Шараға 30 оқырман қатысты.
Мақсаты: Республикалық «Бір
ел – бір кітап» акциясы аясында Қазақстанның Халық жазушысы Фариза
Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр жинағын насихаттау, шығармашылығымен таныстыру,... Читать дальше »