5 шілде күні Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Жалпы білім беретін № 4 орта мектептің «Солнышко» лагерінің оқушыларына «Асқақтай бер, Астана!» атты мерекелік танымдық кеш өткізілді. Кеш мектептің үлкен акт залында ұйымдастырылды. Кітапханашылар Астананың қысқаша тарихымен туралы таныстырып, «Астана қаласына саяхат» атты слайдпен жалғастырды. Бұнда Ақорда, Астана Бәйтерегі, Монументі, Ханшатыр т.б. әдемі жерлерін тамашалап, оқырмандар дайындалған сұрақтарға да жауап берді. Сонымен бірге, оқырмандар Астанаға арналған өлеңдер мен әндер орындап, би топтары өз өнерлерін көрсетті. Шара соңында белсене қатысқан оқырмандар алғыс хатпен марапатталып, сыйлықтар табысталды. Лагер оқушылары флешмоб биін биледі. Кеш өз мәр
...
Читать дальше »