Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Орталық балалар кітапханасының оқырман залында орта топ оқырмандарымен бірге «Ата Заң – елдің айбыны, еркіндігі байлығы» атты танымдық сағат 2016 жылдың 26 тамыз күні өткізілді. Тақырыпқа сай жасақталған «Айбыны асқақ – Ата Заң» тақырыбындағы кітап көрмесіне кітапханашы А.Т. Қыдырғалиева библиографиялық шолу жасады. Оқырмандар кітап көрмесіне қойылған заң, құқық туралы әдебиеттермен жақынырақ танысып, білімдерін кеңейтті. Кітап көрмесінен кейін өткізілген викторина сұрақтарына шараға қатысушылар жауап беріп, Қазақстан Республикасының бала құқығы туралы білімдерін байқатты. Шара соңында оқырмандар Ата З
...
Читать дальше »