3 сәуір күні Успен ауылдық кітапханасында Балалар кітабының апталығына орай оқушылардың кітапқа, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітапхана сіздерге ұсынады» атты ақпараттық күн өткізілді. Шараға 1 – 2 сынып оқушылары қатысып, кітап туралы мақал – мәтелдер айтудан, жұмбақтар шешуден өзара сынға түсті. Кітапханашы Қ.Гизатуллина «Кітап рухани қазына» атты кітап көрмесін жасақтап, жас оқырмандарды балаларға арналған түрлі әдебиеттермен таныстырды.