7 маусымда "Ардагерлер" саябағында Бөрлі ауданы жастар орталығы мен Бөрлі ауданының ОКЖ-нің бірігіп ұйымдастыруымен «Мен оқыған үздік кітап» акциясы оздырылды. Аталмыш шараға мектеп оқушылары, студенттер, жастар қатысты. Шара барысында Бөрлі ауданының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітап қорына жаңадан келіп түскен жастарға арналған әдебиеттер көрмесін ұсынды. «Жаңа әдебиеттер» көрмесіне ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Б. Исмагулова библиографиялық шолу жасап, жастарға арналған әдебиеттермен таныстырды. Сонымен қатар, оқырмандарға «Кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттер бюллетені» таратылды.
...
Читать дальше »