28 наурызда Елбасымыздың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласын қолдау мақсатында Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бастамасымен "Рухани қазына" кіші бағдарлама аясында өткен "Ауыл іші - өнер кеніші" атты аудандық байқаудың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Шараға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-əмбебап кітапханасы директоры Ш.К.Уразаева, Бөрлі аудандық Мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А Ж.Көшкінбаев, Бөрлі ОКЖ директоры Д.К. Нұрашова, тарих пəні мұғалімдері, кітапхана меңгерушілері мен кітапханашылар, кітапхана оқырмандары тамашалады. Салтанатты шараны тамашалауға 85 оқырман қатысты. Оқырмандар назарына "Ауылым - алтын бесігім" атты ауылдық кітапханаларда ашылған құнды жəдігерлермен жабдықталған кітапханалық бұрыштар бойынша бейне-слайд, "Туған өлке тарихынан тағылым" атты көшпелі өлкетанулық тарихи көне жəдігерлер көрмесіне шолу, ОКЖ-нің веб сайтынан "Туған өлкем - тұнған шежірем" тақырыбында электронды мəліметтер базасының тұсаукесері, "Байлыққа толы құт мекен" атты өлкетану əдебиеттерінен жасақталған кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынылды.
|