Ақсай қаласының тұрғындары!
Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласының айқындалған "Рухани қазына" кіші бағдарламасы аясында Бөрлі аудандық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі "Буккроссинг" жобасын қолға алды. Осы жобаны жүзеге асыруда Халыққа қызмет көрсету орталығында буккросинг бұрышы ашылды. Буккроссинг "Оқып болсаң, досыңа бер" принципін ұстанатындар негізінде құрылды, яғни әрбір тұрғын оқып болған кітабын әкеліп қалдырып, оқымаған кітабын алып кете алады.
"Рухани қазына" кіші бағдарламасы шеңберінде атқарылып жатқан игі қадамдардың бірі Бөрлі аудандық мəдениет жəне тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен, аудандық əкімдіктің қолдауымен, Бөрлі аудандық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 қалалық кітапханасы ашылды. Кітапханада оқырман залы, абономент жəне электронды оқу залы жұмыс істейді. Оқырмандар кітапханада ғаламтор жүйесін пайдалана алады. Қаламыздың əсем орталығынан ашылған кітапхана кітап сүйер оқырманына қызмет көрсетеді.
25 сəуірде Бүкілдүниежүзілік кітап мерекесіне орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітаппен бірге - жарқын болашаққа" атты библиобаттл оздырылды. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Қ.Оразаева, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері А.А.Ниязова, Орал қалалық ОКЖ директоры Г.Ж.Акашаева мен қызметкерлері, Бөрлі ОКЖ директоры Д.К.Нұрашова, кітапханашылар, ұстаздар, кітапхана оқырмандары қатысты. Библиобаттл Орал қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты қалалық кітапханалары арамында сайыс ретінде 6 кез
... Читать дальше »
15 - ші сәуір күні сағат 11:00 де отбасылық оқуларды қолдау және жаңғырту бағытында Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқырман отбасы – 2018» байқауы өткізілді.Шараның басты мақсаты отбасылық оқуды дамыту болатын.Сайысқа үш отбасы қатысты.Олар Жұмағазиевтер,Тарабановтар, Баймағамбетовтар отбасы.Сайысқа қатысушы отбасылар төрт айналым бойынша өз өнерлерін ортаға салып, бақтарын сынады. Төрешілер алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Жұмағазиевтер, екінші орынды Баймағамбетовтар мен Тарабановтар жеңіп алды.Шара соңында сөз алған Бөрлі ОКЖ директорының орынбасары Мусаева Айгүл Тұрсынбекқызы сөз сөйлеп, қатысушыларды марапаттап,алғыс білдіріп,сайысқа қатысушы о
... Читать дальше »
Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда!
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында мəдениет жəне өнер саласы ұйымдары мен қызметкерлерінің "Рухани қазына" облыстық фестивалінде Бөрлі ОКЖ-нің Бөрлі ауылдық модельді кітапханасы облысымызда "Үздік ауылдық кітапхана" аталымына ие болып, Астана қаласында өтетін республикалық фестивальге жолдама алды.