Приветствую Вас, Гость · RSS
Жаңалықтар
Сайт мәзірі


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 60


Статистикасы

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0


Кіру


Поиск


Календарь
«  Октябрь 2017  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031


Архив записей


Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz


  • Курс Валют Информер
    Казахских тенге Казахский тенге валюта Казахстана
    (RUB)//-//
    (EUR)//-//
    (USD)//-//
    08.07.2025, 05:59
    Главная » 2017 » Октябрь » 30 » "Ауыл кітапханаларының фестивалі" облыстық жобасы аясында Бөрлі аудандық ОКЖ кітапханаларының фестивалі
    12:12
    "Ауыл кітапханаларының фестивалі" облыстық жобасы аясында Бөрлі аудандық ОКЖ кітапханаларының фестивалі

       17 қазанда Ж.Молдағалиев атындағы ғылыми əмбибап кітапханасының ұйымдастыруымен бастау алған «Ауыл кітапханаларының фестивалі» облыстық жобасы аясында Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі кітапханаларының фестивалі оздырылды. Шараға Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының кітапхана ісін дамыту бөлімінің басшысы Н.А.Сагинова мен әдіскерлер, Х.Есенжанов атындағы ОБЖК директоры З.Б.Өтешова, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі А.Ж.Кушкенбаев,  Қаратөбе, Теректі, Шыңғырлау аудандарының ОКЖ директорлары мен әдіскерлері, Бөрлі аудандық ОКЖ ұжымы мен оқырмандар қатысты.

    Бөрлі аудандық ОКЖ кітапханаларының фестивалі Бөрлі ауылдық модельді кітапханасында бастау алып, «Бурлин читает классиков» кітапханалық жобасы аясында көрме-диалогқа шолу жасалды. Фестиваль Пугачев ауылдық моделді кітапханасында жалғасып, «Чтение с пеленок» кітапханалық бағдарламасы аясында іс-шара оздырылды.

    Фестиваль Ақсай қаласындағы Мәдениет үйінде жалғасын тапты. Шығармашылық және инновациялық алаңда ақпараттық-библиографиялық бөлімінің сайт редакторы Н.Құрбанбаев «Сайт жұмысы – ОКЖ-нің ақпараттық негізі» тақырыпта сайт жұмыстарымен таныстырды.

    Бөрлі ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің меңгерушісі А.Ж.Кушкенбаев алғысөзімен ашты. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапханасының кітапхана ісін дамыту бөлімінің басшысы Н.А.Сагинова мен Х.Есенжанов атындағы ОБЖК директоры З.Б.Өтешова фестивальдің ашылуымен құттықтап, оқырмандарды кітап оқуға шақырды.

    Кітапхана ісін дамыту бөлімінің «Алтын формуляр» кітапханалық жобасы бойыша «Алтын формуляр» иегері атанған үздік оқырмандар шеруі өткізілді.

     «Ақсай - оқырман қала» кітапханалық-инновациялық жобасымен Орталық аудандық кітапхана меңгерушісі Б.А.Бергалиева жоба аясында өткізілген шараны видеоролик негізінде көрсетті.

    «Мир профессий» мамандық таңдау жобасымен №2 қалалық кітапхана меңгерушісі М.А.Джубалиева  оқырмандарымен мамандық туралы шарасын көрсетті.

    Жарсуат ауылдық кітапханасы «Возрождение семейного чтение» отбасылық оқу жобасы аясында библио-кафе шарасын көрсетті.

    Кітапхана ісін дамыту бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен қолға алынған «Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білерсің» атты кітапханалық жобасы бойынша белгілі шығарма желісі бойынша театрландырылған көрініс көрсетілді. Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапханашылары «Кітапханашылар әнін» орындады. 

    Бөрлі аудандық ОКЖ директоры Д.К.Нұрашова «Ауыл кітапханаларының фестивалі» облыстық жобасының эстафетасын Теректі аудандық ОКЖ директорына табыстады.


    Просмотров: 607 | Добавил: ЦБС | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    Имя *:
    Email *:
    Код *:
    Конструктор сайтовuCoz