27 қазанда Орталық аудандық кітапханада Бөрлі аудандық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен "Жақсы кітап - жан азығы" атты ашық көрсетілім оздырылды. Ашық көрсетілімде арнайы заң қызметкерлеріне арналған əдебиеттер, электронды жаңа форматта шыққан адебиеттер мен əр сала бойынша кітап қорына келіп түскен жаңа əдебиеттер ұсынылды. Оқырмандар жаңа әдебиеттермен танысып, өздерінің оқыған әдебиеттері туралы әңгімеледі. Бөрлі аудандық прокуратура қызметкерлеріне "Жаңа əдебиеттер, Сіздер үшін!" атты жаңа əдебиеттердің бюллетені таратылды.