
Кештің ашылу салтанатын аудандық демалу орталығының әншісі С. Дінғалиеваның шәкірті Дименов Нұрсұлтанның орындауында «Байтақ далам» әні орындалды.
1 маусым 1950 жылдан бастап Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Сектор меңгерушісі Г.О.Малбағарова атаулы мерекемен оқырмандарды арнайы құттықтай келген қонақтарымыз, демеушілерімізбен таныстырып өтті.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі Тасымғалиева Светлана Хамзақызы келген қонақтарға қош келдіңіз айтып, демеушілерді «Алғыс хаттармен» марапаттады:
-ТОО «Ақсай маркет» директоры Нұрбек Серікбайұлының атынан келген әкімшілік директоры Көптілеуова Айгүл Ізбасарқызы.
-«Семицветик» қорының директоры Бақытгүл Алиеваның атынан келген Адилова Гүлнұр Сансызбайқызы.
«Глобус» жастар үйірмесінің жетекшісі Елдос Габдрахмановтың шәкірттерінің орындауында Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» көрінісі тамашаланды.
 
|