29 қыркүйекте № 1 қалалық кітапханасында жазушы, Қазақ ССР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ш.Мұртазаның 85 жасқа толуына орай «Халықтың ұлы перзенті – Шерхан Мұртаза» әдеби кеш өткізілді. Шараға №1 МБК – нің 7 ә сынып оқушылары (18 ) қатысты.
Кітапханашы Ф.Қ.Қарабаева Ш.Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын слайд арқылы көрсетті. «Заманмен үндескен жазушы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап, жазушы шығармаларымен таныстырды.
7 ә сынып оқушысы Гүлжанат Жадриева Ш.Мұртазаның «Қыз бен бота» әңгімесінің желісі бойынша түсінігін айтып, әңгімелеп берді. Оқырмандар өзара жазушы шығармашылығын талқылады.
Шараны кітапхана меңгерушісі А.Ж.Қарақұлова қорытындылап, оқырмандарға ризашылығын білдірді.
 
|