
6 сәуір күні аудандық демалу орталығының залында мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс секторының ашылғанына 5 жыл толуына орай «Кітап – жан дүниемнің айнасы» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараға Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының директоры Қ.Бурамбаева , тифлоақпараттық- библиографиялық бөлім басшысы К.Қадырбекова, кітапхана тифлопедагогы Г.Шабаровалар арнайы шақырылып, қатысты. Салтанатты шараны Бөрлі ОКЖ-нің директоры Д.К.Нұрашова алғысөзімен бастап, келесі кезекте кітапхана ісінің ардагері Ж.Құрманғалиева сектор тарихына тоқталып, ашылуына түрткі болған жандар туралы айтып өтсе,
сектор меңгерушісі Г.Малбағарова бөлімнің жалпы атқарған қызметтеріне толығымен тоқталып өтті. Сонымен қатар сектор оқырмандары өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Сектор меңгерушісі Г.Малбагарова өз оқырмандары мен мен тұрақты демеушілеріне алғысхат табыстап, ризашылығын білдірді.
 
|