26 қыркүйекте «Кітапханалық жобалар, бағдарламалар – кітапхана ісінің көкжиегі» атты ауылдық округ кітапханаларының күні жобасы аясында Жарсуат ауылдық кітапханасы күні оздырылды. Шараға ОКЖ директорының орынбасары, қалалық және ауылдық кітапхана меңгерушілері, кітапханашылар мен оқырмандар қатысты. Шараны ОКЖ директорының орынбасары А.Т. Мусаева алғысөзімен ашты. ОКЖ-нің балалармен жұмыс әдіскері А.Е.Есенжанова "Ашық аспан аясындағы кітапхана" атты кітапханалық жобасы жұмысымен таныстырды. Кітапханалық жоба аясында "Алтын формуляр" иегерлерін марапаттап, кітапхананың үздік оқырмандарына алғыс хаттар табысталды. Жарсуат ауылдық кітапханасының меңгерушісі С.К.Айтмаганова "Возрождение семейного чтения" кітапханалық бағдарламасы жұмысымен таныстырды. Қарашығанақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы М.М.Казиева "Бәрі де отбасынан басталады..." атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Жарсуат ауылдық кітапханасының меңгерушісі С.К.Айтмаганова "Мен және менің отбасым" атты әдеби-кафе шарасын оқырман отбасылар арасында өткізді. Сондай-ақ, "Өз өңірінің ақындары" атты поэзиялық марафон өткізіліп, оқырмандар өздерінің қаламынан туындаған шығармаларын оқыды. Жарсуат ауылдық кітапханасының кітапханашысы Л.У.Калибатованың ұйымдастыруымен "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!" атты флеш-моб көрсетіліп, оқырмандар тіл туралы үш тілде өлеңдер оқыды.
 
|