25 сəуірде Бүкілдүниежүзілік кітап мерекесіне орай Ж.Молдағалиев атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен "Кітаппен бірге - жарқын болашаққа" атты библиобаттл оздырылды. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық əмбебап ғылыми кітапханасының директоры Ш.Қ.Оразаева, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері А.А.Ниязова, Орал қалалық ОКЖ директоры Г.Ж.Акашаева мен қызметкерлері, Бөрлі ОКЖ директоры Д.К.Нұрашова, кітапханашылар, ұстаздар, кітапхана оқырмандары қатысты. Библиобаттл Орал қалалық Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен Бөрлі аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты қалалық кітапханалары арамында сайыс ретінде 6 кезең бойынша өтті. Шара соңында сайысқа белсене қатысқан "Зерде" мен "Библиолайк" топтары марапатталды. Бөрлі ОКЖ директоры Д.К.Нұрашоваға "Библиобаттл" кубогі берілді.
|