15 - ші сәуір күні сағат 11:00 де отбасылық оқуларды қолдау және жаңғырту бағытында Орталық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Оқырман отбасы – 2018» байқауы өткізілді.Шараның басты мақсаты отбасылық оқуды дамыту болатын.Сайысқа үш отбасы қатысты.Олар Жұмағазиевтер,Тарабановтар, Баймағамбетовтар отбасы.Сайысқа қатысушы отбасылар төрт айналым бойынша өз өнерлерін ортаға салып, бақтарын сынады. Төрешілер алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Жұмағазиевтер, екінші орынды Баймағамбетовтар мен Тарабановтар жеңіп алды.Шара соңында сөз алған Бөрлі ОКЖ директорының орынбасары Мусаева Айгүл Тұрсынбекқызы сөз сөйлеп, қатысушыларды марапаттап,алғыс білдіріп,сайысқа қатысушы отбасыларға демеушілік көрсеткен жеке кәсіпкер Қажымұқан Мақсотұлына алғыс хат табыс етті.
|