10 сәуірде Бөрлі орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастырумен қара сөздің қаймағын тамызатын додасы, Өр-Алтайдың ақыны Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы оздырылды. Байқауға 13 үміткер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Бас бәйгені Александров ауылдық кітапханасының оқырманы Мыңбаева Айкөркем иеленсе, І орынды Ақбұлақ ауылдық кітапханасының оқырманы Бахитова Нағима, ІІ орынды Успен ауылдық кітапханасының оқырманы Баянов Еламан, ІІІ орынды Бөрлі ауылдық модельді кітапханасының оқырманы Дастанова Айгерім иеленді. Белсене қатысқан оқырмандарға алғыс хаттар табысталды.
|